Перейти к содержимому
Главная страница » Экономикалық әлеуетті арттырудағы бастамалар баяндалды

Экономикалық әлеуетті арттырудағы бастамалар баяндалды

Құрылтай сайлауына арналған сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы облыстық сайлауалды штабының мүшелері Еңбекшіқазақ ауданы, Қойшыбек ауылында орналасқан «Маяк» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Мейраш Шынасилов , облыстық филиал төрағасының орынбасары Абзалбек Сағымбекұлы мен бірқатар штаб мүшелері қатысты. Кездесу барысында сайлауалды штаб мүшелері «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, отандық өндірісті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбеккерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту, өндіріс саласына инвестиция тарту және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы бастамалар жөнінде баяндады.
Жүздесу барысында еңбек ұжымы өндірісті дамыту, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Өз кезегінде сайлауалды штаб мүшелері өңірдегі өндірістік кәсіпорындарды қолдау, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және қазақстандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру «Ақ жол» партиясының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Кездесу соңында Алматы облыстық сайлауалды штабының мүшелері кәсіпорын ұжымына ашық әрі мазмұнды әңгіме үшін алғыс білдіріп, алдағы Құрылтай сайлауында белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.