Respublica партиясының Алматы облыстық сайлауалды штаб мүшелері Алатау қаласындағы «LST AGRO» ЖШС жылыжай кешен-ің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, алдағы жоспарлар мен бастамалар жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Ұжым қызметкерлерімен ашық пікір алмасып, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берілді. Сонымен қатар қатысушылар алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап, дауыс беруге шақырылды. Азаматтық белсенділік пен жауапкершілік – елдің тұрақты дамуының маңызды кепілі екені атап өтілді. Айта кетсек, Жылыжай кешенінің жалпы аумағы – 7 гектар. Онда жылына 3650 тонна қызанақ өсіріледі. Кешенге 5,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйылған. Мемлекеттік қолдау шаралары «Даму» қоры арқылы көрсетіледі.

