Бұл сайлау елдің жоғары өкілді органын қалыптастырудың жаңа моделі аясында өтеді. Негізгі өзгеріс — пропорционалды сайлау жүйесіне көшу. Енді Құрылтайдың барлық 145 депутаты бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады.Мұндай жүйе саяси партиялардың рөлін күшейтіп, оларды бағдарламалар, идеялар мен командалар арасындағы мазмұнды бәсекеге бағыттайды. Жаңа модельде партиялар өз ұсыныстары мен елдің одан әрі дамуы үшін ұжымдық жауапкершілік алады.#Құрылтай #Қазақстан #Сайлау #Парламент #СаясиРеформа #Партиялар #ПропорционалдыЖүйе
Главная страница » Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды


