Бұл тарихи сәт – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы. Ата Заң адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, жаңа қоғамдық құндылықтарды орнықтырады, заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді. Конституцияда алғаш рет «Әділетті Қазақстан» ұғымы, «Заң және тәртіп» қағидаты, адами капиталды дамыту, жауапты және жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету, білім, ғылым және инновация – мемлекет қызметінің стратегиялық бағыттары ретінде, болашақ ұрпақ алдындағы экологиялық жауапкершілік міндеті бекітілді. Жаңа Конституцияда бекітілген құндылықтар әділдік, заң үстемдігі, адамға құрмет, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық жауапкершілік – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, ертеңгі ұрпақтың да басты негізі екенін атап өткен жөн.Қос палаталы Парламенттің орнына жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай құрылады, оның құрамына 145 депутат кіреді. Тамыз айында сайлау болып, Құрылтай депутаттары анықталатын болады. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті институты құрылды. Бұл қоғамның мемлекеттік саясатты қалыптастыру ісіне қатысуын күшейтеді.Ендеше, Жаңа Ата заңымыз ел игілігіне қалтқысыз қызмет етіп, ұзағынан сүйіндірсін!
Шыңғыс ТҰРСЫНОВ
Кеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы


