Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен бірге тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Мемлекет басшысы атап өткендей, енді еліміздің бүкіл саяси жүйесі, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттары түбегейлі жаңғырады.
15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Осыған байланысты Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтетін болады. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады. Бұл күн азаматтардың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі. Президент өз Үндеуінде Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтар қоғамда берік орнығатынына сендірді.
«Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз! Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!», – деді Президент.
Жаңа Конституция – тәуелсіз Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерге бастайтын құқықтық негізі, халық пен мемлекеттің өзара сенімін нығайтатын маңызды құндылық.
Қамбархан ҮМБЕТОВ
еңбек ардагері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы


