Перейти к содержимому
Главная страница » Алкоголизмнің алдын алу маңызды

Алкоголизмнің алдын алу маңызды

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасылық қарым-қатынасқа және қоғамдық тәртіпке де кері әсер етеді. Сондықтан аудан көлемінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға бағытталған жұмыстарды күшейту маңызды. Спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шаралардың көбеюі жастардың пайдалы орта қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Жалпы, Іле ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бір ғана мекеменің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғындардың белсенділігімен ұштасқанда ғана қауіпсіз орта қалыптастыруға болады. Заңды құрметтеу, өз құқығы мен міндетін білу, құқықбұзушылыққа бейжай қарамау және бір-біріне жауапкершілікпен қарау – Іле ауданындағы қауіпсіз әрі жайлы ортаның негізі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ