Кітап – білім мен рухани байлықтың сарқылмас көзі. Мен оқыған он кітаптың әрқайсысы өмірге деген көзқарасымды кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды тереңірек түсінуге ықпал етті.
Бар ынта-жігеріммен, сүйсіне оқыған «Дәстүр даналығы», «Ақ жауын», «Берекелі бейбіт күн», «Парыз», «Тәуелсіздік толғауы», «Тағдырлар тоғысқанда», «Жау тылында», «Тағдыр таразысы», «Аққудың қанатына жазылған жыр» сияқты шығармалардан ел тарихы, адамгершілік, отансүйгіштік пен тағылымды өмір сабақтары туралы мол мағлұмат алдым.
Бұл шығармалар менің кітап оқуға деген қызығушылығымды арттырып, рухани дүниемді байыта түсті. Кітап – адамды білімге, ізгілікке және кемелдікке бастайтын сенімді серік.
Мадина Ерғазы,
Жалағаш ауылдық кітапханасының қызметкері
Кеген ауданы

