Перейти к содержимому
Главная страница » Іле ауданында қоғамдық қауіпсіздікке басымдық берілуде

Іле ауданында қоғамдық қауіпсіздікке басымдық берілуде

Іле ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың тыныштығын сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс істеп келеді.

Профилактикалық рейдтер барысында қоғамдық тәртіпті бұзу, жол қауіпсіздігі және басқа да құқықбұзушылықтарға назар аударылады. Сонымен қатар тұрғындарға заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай шаралардың басты мақсаты – құқықбұзушылықты жазалаумен ғана шектелмей, оның алдын алу. Қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне тұрғындардың да белсенді араласуы маңызды. Заң талаптары сақталған жерде азаматтардың қауіпсіздігі де нығая түседі.

Өз тілшімізден.