Күнделікті өмірде түрлі пікір қайшылығы мен түсініспеушіліктің болуы заңды. Алайда кез келген келіспеушілікті жанжалға айналдырмай, өркениетті жолмен шешу – азаматтық мәдениеттің белгісі. Ашуға беріліп, дауыс көтеру немесе күш қолдану мәселені шешпейді. Керісінше, жағдайды ушықтырып, құқық бұзушылыққа алып келуі мүмкін. Сондықтан мәселе туындаған кезде алдымен сабырға келіп, қарсы тараптың пікірін тыңдаған жөн. Қажет болған жағдайда заң шеңберінде тиісті органдардың көмегіне жүгінуге болады. Келісімге келу – әлсіздік емес. Ол адамның өзін басқара алатынын және өз әрекетінің салдарын түсінетінін көрсетеді. Қоғамдағы тыныштық әр азаматтың дау-дамайды өршітпей, бейбіт жолмен шешуге ұмтылуынан басталады.
Құралбек СӘБИТОВ

