Перейти к содержимому
Главная страница » Құқығыңды біл, міндетіңді ұмытпа!

Құқығыңды біл, міндетіңді ұмытпа!

Азаматтың өз құқығын білуі – құқықтық мәдениеттің маңызды көрсеткіші. Алайда құқықпен қатар әр адамның қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігі де бар. Заң талаптарын білетін азамат өз әрекетінің салдарын бағалап, құқық бұзушылыққа жол бермеуге тырысады. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың алдын алудың тиімді жолдарының бірі саналады. Бұл бағытта мектептерде, еңбек ұжымдарында және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Әсіресе жасөспірімдерге өз құқықтарымен бірге басқа адамның құқығын құрметтеу қажеттігін түсіндіру маңызды. Заңды білу – жауапкершіліктен босатпайды, керісінше оны тереңірек сезінуге мүмкіндік береді. Құқығын білетін әрі міндетін орындайтын азамат – құқықтық қоғамның берік негізі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ