“Lotus Fest-2026” фестивалі аясында Run марафоны өтті. Жарысқа 94 адам қатысып, 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қатысушылар арасында ең үлкені — 82 жастағы қария. Жарысқа әр жастағы тұрғындардың қатысуы бұқаралық спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.
Финалға бірінші боп жеткен қатысушы Диар Куспанов марафоннан алған әсерімен бөлісті.
— Мен марафонды бірінші боп аяқтадым. Сәл қиын болды, бірақ әсері өте керемет. Марафонды жүгіріп өткен әрқайсысы ерекше әсер алды деп ойлаймын. Алғашқы Run марафоны құтты болсын,- деді ол.
Қатысушылар үшін бұл тек спорттық сайыс емес, табиғат аясында уақыт өткізіп, жақсы көңіл-күй сыйлаған ерекше шара болды. Марафон соңында барлық қатысушы өз межесін бағындырып, фестивальдің мерекелік атмосферасын жалғастырды.

