Перейти к содержимому
Главная страница » Нысандардың қауіпсіздігі күшейтілуде

Нысандардың қауіпсіздігі күшейтілуде

Іле ауданында терроризмге қарсы қорғалу талаптарын сақтау да «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылуда. Осы мақсатта террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнайы кездесулер өткізілді. Жиындарға құқық қорғау органдарының және тиісті мекемелердің өкілдері қатысты.

Кездесулер барысында нысандардың қорғалу деңгейін арттыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жауапты органдардың өзара іс-қимылын жетілдіруге мән берілді. Қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы нысандардың жауапты тұлғаларына түсіндірілді. Мұндай жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және аудан аумағындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.