Перейти к содержимому
Главная страница » Талғар ауданында отбасы қауіпсіздігіне назар аударылуда

Талғар ауданында отбасы қауіпсіздігіне назар аударылуда

Талғар ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындарға отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылықты жасырып қалмай, құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлау қажеттігі түсіндіріледі. Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Отбасындағы қиын жағдайлардың алдын алу үшін профилактикалық және түсіндіру шаралары ұйымдастырылады. Әсіресе әйелдер мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер бақылауда ұсталады. Заң талаптарын білу азаматтарға өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Отбасындағы қауіпсіздік пен өзара құрмет қоғамдағы жалпы тұрақтылықтың маңызды негізі болып саналады.

Құтмағанбет ҚОНЫСБАЙ