Қоғамдық тәртіпті сақтау тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді, ол адамның мәдениеті мен жауапкершілігінен де көрінеді. Көшеде, аулада, қоғамдық көлікте немесе басқа да ортақ орындарда өзін дұрыс ұстау – айналадағы адамдарға деген құрметтің белгісі. Қоғамдық орынды ластамау, ортақ мүлікке ұқыпты қарау, тыныштықты сақтау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен мәнге ие. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мемлекеттік органдар профилактикалық жұмыстар жүргізгенімен, тәртіпті қамтамасыз етуге қоғамның өзі де үлес қосуы керек. Әр азамат «бұл менің міндетім емес» деген түсініктен арылғаны жөн. Себебі ортақ кеңістіктің қауіпсіздігі мен тазалығы баршаға ортақ жауапкершілікке байланысты. Тәртіпті қоғамда адамдар бір-бірінің құқығы мен тыныштығын құрметтейді. Сондықтан тәртіпті сақтау сыртқы бақылаудан емес, адамның ішкі мәдениеті мен саналы ұстанымынан басталады.
Ерзат АСЫЛ

