Азаматтардың мүлкін қорғау – қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды бағыттарының бірі. Ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу үшін әр адам өз мүлкіне мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет.
Үйден ұзақ уақытқа кетерде есік-терезені тексеру, көлік пен бағалы заттарды қараусыз қалдырмау, банк картасы мен жеке деректерді бөтен адамдарға бермеу – қарапайым сақтықтың негізгі талаптары.
Құқық қорғау органдарының алдын алу жұмыстары мен азаматтардың жауапкершілігі қатар жүргенде ғана мүліктік қылмыстардың алдын алуға болады. Сондықтан өз мүлкіңді қорғау – ең алдымен өзіңнен басталады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
