Перейти к содержимому
Главная страница » Заңды білу жауапкершіліктен босатпайды

Заңды білу жауапкершіліктен босатпайды

Кейбір адамдар құқық бұзушылықтың салдарын тек жазаға тартылған кезде ғана ойлайды. Алайда заң алдындағы жауапкершілік туралы түсінік адамда әрекет жасамай тұрып қалыптасуы тиіс. Қоғамдағы әрбір іс-әрекеттің белгілі бір салдары болады. Біреудің мүлкіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе өзгенің құқығын шектеу заң талаптарына қайшы келуі мүмкін. Сондықтан шешім қабылдар алдында оның өзгелерге әсерін ойлау қажет. Әсіресе жастарға өз әрекетінің жауапкершілігі туралы нақты түсінік берген жөн.

Жауапкершілікті сезіну – заң бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолы. Өз ісіне есеп бере алатын азамат қоғамдағы тәртіптің нығаюына үлес қосады.

Құралбек СӘБИТОВ