Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / №5 ЖАҒАЖАЙ – ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫҢ БАСТЫ НҮКТЕЛЕРІНІҢ БІРІ

№5 ЖАҒАЖАЙ – ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫҢ БАСТЫ НҮКТЕЛЕРІНІҢ БІРІ

10 қаралым

Қонаевтағы туристік тартымды орындардың қатарында №5 жағажай да ерекше көзге түсті. Демалыс күндері мұнда 4–5 мыңға жуық адам жиналды.

Жағажайда тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мәдени және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды. Екі рет флайборд-шоу өтіп, шомылу маусымы JAGALAU FEST мерекелік концертімен қорытындыланды.

Мұнда тазалық пен қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінді. Күнделікті санитарлық жұмыстарға 20-дан астам қызметкер тартылып, демалушылардың қауіпсіздігін 26 құтқарушы қамтамасыз етті.