Перейти к содержимому

Адам өміріне қауіп төндіретін құбылыс

13 қаралым

Есірткі – адамның өмірі мен болашағына қауіп төндіретін аса қауіпті құбылыс. Оның зардабы бір адамның тағдырымен шектелмей, тұтас отбасыға әсер етеді. Сондықтан есірткінің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуі қажет. Жастардың зиянды ортаға түспеуі үшін спорттық және мәдени шараларға көбірек тартылуы маңызды. Күмәнді ұсыныстарға ермей, заңсыз әрекеттерден аулақ болу – әр азаматтың жауапкершілігі. Есірткі бизнесіне қатысты кез келген заңсыздық туралы құқық қорғау органдарына хабарлау қажет. Есірткісіз қоғам – қауіпсіз әрі жарқын болашақтың кепілі.

Алтынай СЕЙІТКЕН