Алаяқтар адамның сенімін пайдаланып, түрлі тәсілмен ақша иемденуге тырысады. Олар банк қызметкері, полиция немесе басқа мемлекеттік орган өкілі ретінде қоңырау шалуы мүмкін. Мұндай жағдайда асықпай, ақпаратты ресми арналар арқылы тексерген жөн. Телефон арқылы құпия сөздер мен банк кодтарын айтуға болмайды. Туыстардың немесе таныстардың атынан ақша сұраған хабарламаларға да бірден сенуге болмайды. Сақтық – қаржылық қауіпсіздіктің басты шарты.
Алтынай СЕЙІТКЕН