Адамның күнделікті өміріндегі қауіпсіздік ең алдымен өз үйі мен ауласынан басталады. Ауладағы тазалық пен тәртіпті сақтау тұрғындардың бір-біріне деген құрметін көрсетеді. Ортақ мүлікке ұқыпты қарау, балалар алаңдарын бүлдірмеу және тыныштықты сақтау – әр тұрғынның міндеті. Тұрғындар өзара байланыс орнатып, ортақ мәселелерді бірлесіп шешсе, аула да жайлы бола түседі. Құқық қорғау органдарымен тиімді байланыс орнату да қауіпсіздік деңгейін арттырады. Қауіпсіз әрі таза аула тұрғындардың өмір сапасына оң әсер етеді. Сондықтан тәртіпті орта қалыптастыру әр адамның өзінен басталуы керек.
Ерзат АСЫЛ