Бала тәрбиесі ата-ананың күнделікті назарын талап етеді. Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге уақытында көңіл бөлу көптеген мәселенің алдын алады. Ата-ана баласымен сенімді сөйлесіп, оның қуанышы мен қиындығын бөлісуге тырысуы керек. Жасөспірімнің интернеттегі және қоғамдық ортадағы қауіпсіздігі де назардан тыс қалмауы тиіс. Тәртіп пен жауапкершілік сөзбен емес, ата-ананың жеке үлгісімен қалыптасады. Бала өзін түсінетін және қорғайтын отбасы бар екенін сезінуі қажет. Мықты отбасы – қауіпсіз қоғамның тірегі.
Алтынай СЕЙІТКЕН