Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / БІШКЕКТЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАНДЫ БІР БӨЛШЕГІ

БІШКЕКТЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАНДЫ БІР БӨЛШЕГІ

9 қаралым

Бішкектегі Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназиясы – екі бауырлас елдің ортақ тарихының куәсі. 1940 жылы ашылған мектептің ғимараты 1941 жылы Фрунзе әскери жаяу әскер училищесіне айналды. Мұнда соғыс жылдарында офицерлер даярланды. Осы жерден Кемел Тоқаев майданға аттанды. Бүгінде мектепте жас ұрпақ білім алып, тәрбиеленіп жатыр. Бұл білім ордасы – Кемел Тоқаевтың есімін ұлықтап қана қоймай, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен бауырластықтың символына айналған.