Заң мен тәртіп – елдегі тұрақтылықтың, қоғамдық келісімнің және азаматтық қауіпсіздіктің негізі. Бұл құндылықтарды қалыптастыру тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның міндеті. Ішімдік пен есірткіден аулақ болу, отбасындағы зорлыққа жол бермеу, жол ережесін сақтау – осы қағиданың нақты көріністері. Әр азамат заң талаптарын орындау арқылы өзіне де, айналасындағыларға да қауіпсіз орта қалыптастырады. Конституцияны құрметтеу мен құқықтық сауаттылық та қоғамның дамуына ықпал етеді. Тәртіпті қоғам бір күнде қалыптаспайды, ол әр адамның күнделікті ісінен басталады. Заңға құрмет пен жауапкершілік орныққан жерде елдің болашағы да берік болады.
Ерзат АСЫЛ