Еңбекке жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың міндеті. Жұмыс уақытын сақтау, тапсырманы уақытында орындау және әріптестерді құрметтеу маңызды. Еңбек тәртібі ұжымдағы өзара сенімді қалыптастырады.
Әр қызметкер өзінің міндетін нақты білуі қажет. Жұмыс беруші де қызметкердің заңды құқықтарын сақтауы тиіс. Еңбек қатынастары заң талаптарына сәйкес жүргізілгені дұрыс. Қызметкер өз құқығын білгені жөн.
Сонымен қатар ол еңбек міндеттерін де адал орындауы керек. Жұмыс орнындағы тәртіп ұйымның нәтижесіне тікелей әсер етеді. Жауапсыздық ұжымның жұмысына кері ықпал етуі мүмкін. Сондықтан еңбек мәдениетін қалыптастыру маңызды. Өз ісіне ұқыпты адам өзгелердің еңбегін де бағалайды.
Құралбек СӘБИТҰЛЫ