Іле ауданының футбол чемпионаты мәресіне жақындады. Алда — соңғы, 18-тур!
Осы сенбі күні чемпионаттың басты интригасы шешіледі. Бірінші орын үшін «Ақсай» және «Байсерке» командалары кездеседі. Екі команда да чемпиондық атаққа таласып, маусымның шешуші ойынында бар күшін салатын болады.
🏆 Кім чемпион атанады?
⚡️ Барлығы 18-турдағы «Ақсай» — «Байсерке» кездесуінен кейін белгілі болады!
Барша жанкүйерлерді шешуші ойынға келіп, командаларға қолдау көрсетуге шақырамыз!
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында — спортта да әділдік пен тәртіп басты орында!