Қазіргі таңда интернеттегі алаяқтардың құйтұрқы айла-тәсілдері көбейіп, алдану фактілері кең белең алуда. Осы орайда Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Шәкәрім Әбдібеков тұрғындарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.
– Интернет желісіндегі алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар! Бейтаныс адамдардың қоңырауларына және хабарламаларына сақтықпен қарап, жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтерін және SMS-кодтарды ешкімге бермеңіздер. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және оңай ақша табуға уәде берген адамдарға сенбеңіздер. Қырағы болыңыздар! Өз қаражатыңыз бен жеке деректеріңізді қорғаңыздар! Алаяқтық дерегіне тап болған жағдайда «102» нөміріне хабарласыңыздар, – деді ол.
Алтынай СЕЙІТКЕН