Перейти к содержимому

Қаржылық сауатыңды арттыр!

28 қаралым

Цифрлық технология дамыған сайын интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері де көбейіп келеді. Белгісіз адамдардың қоңырауына сеніп, банк картасының деректерін немесе құпия кодтарды айтуға болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтпей, бейтаныс қосымшаларды орнатудан бас тартқан жөн. Әсіресе әлеуметтік желідегі «оңай табыс» туралы ұсыныстарға мұқият қарау қажет. Қаржылық сауаттылық – алаяқтықтан қорғанудың маңызды құралы. Өз деректеріңізді қорғау – өз қауіпсіздігіңізді қорғау.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ