Ауладағы тыныштық пен тәртіп тұрғындардың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер етеді. Балалардың еркін ойнап, қарттардың алаңсыз жүруі үшін орта қауіпсіз болуы қажет. Тұрғындар аумақтағы жарықтандыру, бейнебақылау және абаттандыру мәселелеріне де белсенді қатыса алады. Күмәнді жағдайлар байқалған кезде тиісті органдарға хабарлау маңызды. Қоғамдық орындарды бүлдіру, шу шығару және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу керек. Әр тұрғын өз ауласына жауапкершілікпен қараса, қауіпсіздік те артады. Тәртіпті аула – татулық пен мәдениеттің көрінісі.
Алтынай СЕЙІТКЕН