Перейти к содержимому

Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ міндет

28 қаралым

Қауіпсіз қоғам құру үшін мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара байланысы маңызды. Кез келген құқықбұзушылықтың алдын алу азаматтардың қырағылығынан басталады. Ауладағы, көшедегі немесе қоғамдық орындардағы күмәнді жағдайларға бейжай қарамау қажет. Құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлау көптеген келеңсіздіктің алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керек. Қоғамдық тәртіпті сақтау әр адамның күнделікті әрекетінен көрінеді. Бірлік пен жауапкершілік бар жерде қауіпсіздік те нығая түседі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ