Перейти к содержимому

Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ міндет

14 қаралым

Қауіпсіз қоғам қалыптастыру мемлекет пен азаматтардың бірлескен әрекетін талап етеді. Құқықбұзушылықтың алдын алу – қылмыс жасалғаннан кейін әрекет етуден әлдеқайда тиімді. Күдікті жағдайға немқұрайлы қарамай, тиісті органдарға уақытылы хабарлау көптеген келеңсіздіктің алдын алады. Ауладағы, көшедегі және қоғамдық орындардағы тәртіпке тұрғындардың өздері де жауапты. Белсенді әрі жауапты азаматтық ұстаным қауіпсіз ортаның қалыптасуына ықпал етеді. Тәртіп бар жерде тұрақтылық пен тыныштық орнығады.

Алтынай СЕЙІТКЕН