Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Конституция – азамат пен мемлекет арасындағы негіз

Конституция – азамат пен мемлекет арасындағы негіз

2 қаралым

Ата Заң мемлекет пен азамат арасындағы құқықтық қатынастардың негізгі қағидаттарын белгілейді. Конституциялық нормалар адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады. Сондықтан оның мазмұнын білу тек заңгерлерге емес, әр азаматқа қажет. Құқық пен міндет қатар жүргенде ғана қоғамда әділеттілік орнығады. Конституциялық мәдениет мектептен бастап қалыптасып, бүкіл қоғамдық ортада жалғасуы керек. Заңды құрметтеген елдің қоғамдық негізі де берік болады.

Асыл ЕРЗАТ