Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Құқықтық сауат – қауіпсіздіктің кепілі

Құқықтық сауат – қауіпсіздіктің кепілі

26 қаралым

Адам өз құқығын білмесе, түрлі құқықбұзушылықтың құрбаны болуы мүмкін. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі. Азаматтар еңбек, тұтынушылық, мүліктік және басқа да құқықтарын білуі керек. Құжаттарға қол қояр алдында оның мазмұнын мұқият оқу да құқықтық мәдениеттің белгісі. Құқықты білу адамға қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Заңды білетін азамат – жауапкершілігі жоғары азамат.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ