Алкоголь ішкеннен кейін көлік жүргізу – өз өміріңе ғана емес, басқа адамдарға да қауіп төндіреді. Мас жүргізушінің реакциясы мен жол жағдайын бағалау қабілеті төмендейді. Мұндай әрекеттің соңы ауыр жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін. Сондықтан ішімдік ішкен адам рөлге отырмауы тиіс. Қауіпсіз шешім – көлікті басқа жүргізушіге беру немесе өзге көлік түрін пайдалану.
Құралбек СӘБИТОВ