Перейти к содержимому

Мас күйде көлік жүргізу – жауапсыздық

12 қаралым

Көлік тізгініне мас күйінде отыру – өз өміріңе ғана емес, басқа адамдардың өміріне де қауіп төндіреді. Мұндай әрекет ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Сондықтан алкоголь ішкен адам көлік жүргізбеуі тиіс. Қажет болса, такси шақыру немесе басқа қауіпсіз жолды таңдаған жөн. Жүргізушінің бірнеше минуттық жауапсыздығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Жол қауіпсіздігі әр адамның саналы таңдауынан басталады. Рөлге мас күйінде отырмау – өзіңе және өзгеге деген құрмет.

Ерзат АСЫЛ