Балтабай орта мектебінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп. Қауіпсіз интернет ортасы» тақырыбында құқықтық кездесу өтті.
Кездесуге Еңбекшіқазақ АПБ Криминалдық полиция бөлімінің бөлімше бастығы, полиция майоры А.Оңғаров, Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты А.Жұбатиров, ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Абдулаев, мектеп мұғалімдері мен жоғары сыныптың оқушылары қатысты.
Құқықбұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі – жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі, құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары, интернет пайдаланудағы қауіпсіздігі және алаяқтық – желідегі алаяқтықтың кең тараған түрлері, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану, жеке деректерді қорғау жолдары жайында нақты деректермен мысалдар келтіріліп, жан-жақты айтылды.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Еркін форматтағы пікір алмасу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
Осындай мазмұнды кездесулер жасөспірімдердің заңды құрметтеуіне, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, сондай-ақ интернет кеңістігінде сақтықпен әрекет етуіне үлкен мүмкіндік береді.
«Балтабай орта мектебі» КММ ұжымы Еңбекшіқазақ АПБ қызметкерлеріне оқушылармен мазмұнды кездесу өткізіп, маңызды ақпараттармен бөліскені үшін алғыс білдіреді. Оқу орындарында мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасы