Перейти к содержимому

Мемлекет пен қоғам ортақ мақсатта

6 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция мен тұрғындардың өзара ынтымақтастығы ерекше маңызға ие. Құқық қорғау органдары тәртіпті қамтамасыз етсе, азаматтар заң бұзушылықтың алдын алуға өз үлесін қоса алады. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын уақытылы жеткізу көптеген мәселені дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп талқылау өзара сенімді нығайтады. Әсіресе балалар қауіпсіздігі, жол қозғалысы және құқық бұзушылықтың алдын алу бағыттарында бірлескен жұмыстың нәтижесі жоғары. Халық пен мемлекеттік органдар арасында ашық байланыс болған кезде тәртіпті қамтамасыз ету де тиімді болады. Қауіпсіздік – мемлекет пен қоғамның ортақ мақсаты.

Құралбек СӘБИТОВ