Ұйғыр ауданында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың қараусыз және бақылаусыз қалмауы, олардың қауіпсіздігі, сондай-ақ ата-аналар мен заңды өкілдердің тиісті бақылауы назарға алынуда. Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдары мен қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімдерге қауіпсіз мінез-құлық пен жол ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіруде.
Құқықбұзушылыққа бейім және профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдермен, сондай-ақ қолайсыз отбасылармен жеке профилактикалық жұмыстар күшейтілді.
Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Осы бағыттағы профилактикалық шаралар аудан аумағында тұрақты түрде жалғасын табады.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұйғыр ауданы