Перейти к содержимому

Салауатты өмір – саналы таңдау

27 қаралым

Салауатты өмір салты адамның денсаулығын нығайтып қана қоймай, оның өмір сапасын арттырады. Спортпен айналысу, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту әр адамның өз таңдауына байланысты. Әсіресе жастардың бос уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасау маңызды. Алкоголь мен есірткіден аулақ болу – денсаулық пен болашаққа жасалған инвестиция. Адам өзіне жауапкершілікпен қараса, оның отбасы мен қоғамға да пайдасы тиеді. Салауатты ұрпақ елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосады. Денсаулықты сақтау – ең дұрыс таңдау.

Ерзат АСЫЛ