Перейти к содержимому

Салауатты ұрпақ – ел болашағы

3 қаралым

Жастардың денсаулығы мен тәрбиесі мемлекеттің болашағына тікелей әсер етеді. Зиянды әдеттердің алдын алу үшін жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беру маңызды. Ата-ана, ұстаз және қоғам өкілдері бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс істегенде нәтиже де жоғары болады. Спортпен шұғылдану, кітап оқу және қоғамдық жұмыстарға қатысу жастардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Салауатты өмір салты – адамның өзіне деген жауапкершілігінің белгісі. Бүгін денсаулығын ойлаған жас – ертең ел дамуына үлес қосатын азамат.

Ерзат АСЫЛ