Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Салауатты ұрпақ – елдің ең үлкен байлығы

Салауатты ұрпақ – елдің ең үлкен байлығы

8 қаралым

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасы мен қоғамға да кері әсер етеді. Ішімдіктің салдарынан жанжал, құқықбұзушылық және жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін. Сондықтан алкогольдің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды. Әсіресе жастарды салауатты өмір салтына баулу – басты міндеттердің бірі. Бос уақытты спортпен, шығармашылықпен және пайдалы іспен өткізу теріс әдеттерден аулақ болуға көмектеседі. Ішімдіксіз орта қалыптастыруға отбасы, мектеп және қоғам бірлесе атсалысуы керек. Салауатты ұрпақ – елдің ең үлкен байлығы.

Алтынай СЕЙІТКЕН