Перейти к содержимому

Тәртіп бар жерде – тыныштық бар

3 қаралым

Қоғамдық тәртіп – әрбір тұрғынның бейбіт өмір сүруіне мүмкіндік беретін маңызды құндылық. Көшедегі тыныштық пен ауладағы қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарына емес, барша азаматқа байланысты. Әр адам өз әрекетінің қоғамға әсерін түсінуі керек. Ұсақ құқық бұзушылыққа көз жұма қарау кейде үлкен мәселеге алып келуі мүмкін. Сондықтан заң талаптарын сақтау мен тәртіпті құрметтеу күнделікті әдетке айналуы тиіс. Тәртіпті қоғам ғана болашағына сеніммен қарай алады.

Ерзат АСЫЛ