Перейти к содержимому

Түсіндіру жұмыстары қарқынды

23 қаралым

Интернеттегі алаяқтық қылмыстардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы аумағында бірқатар профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесулер өткізіп, интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтық түрлері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Азаматтарға банк картасының деректері, SMS арқылы келетін бір реттік кодтар, жеке мәліметтер мен интернет-банкингке қатысты құпия ақпараттарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы интернеттегі алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық материалдар таратылып, тұрғындарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз нөмірлерден келіп түскен қоңырауларға сақтықпен қарау және ақша қаражатын бейтаныс шоттарға аудармау жөнінде ұсыныстар берілуде. Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында, еңбек ұжымдарында, ауылдық округтерде және халық көп шоғырланатын орындарда профилактикалық түсіндіру кездесулерін ұйымдастырып, әсіресе егде жастағы азаматтарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдарын түсіндіруде. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – азаматтардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алаяқтық фактілерінің алдын алу және тұрғындардың қырағылығын арттыру.

Еңбекшіқазақ аудандық

полиция басқармасы