Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Заң мен тәртіп» – қауіпсіз болашақ кепілі

«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз болашақ кепілі

88 қаралым


Есік қаласындағы В.Терешкова атындағы орта мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 1–4 және 8–11 сынып оқушылары арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығы» тақырыптары бойынша жан-жақты айтылды.
Сонымен қатар, оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау, мектеп аумағына тыйым салынған және денсаулыққа зиянды заттарды әкелмеу жөнінде ескертілді.
Мектеп директорының, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының және сынып жетекшілерінің қатысуымен өткен кездесуде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп сақтау және жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Еңбекшіқазақ ауданы

Полиция басқармасы