«Заң мен тәртіп» қағидаты тек арнайы науқандар кезінде айтылатын ұғым болмауы керек. Ол әр азаматтың күнделікті өміріндегі тұрақты ұстанымға айналғаны жөн. Жолда ережені сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау, отбасына құрметпен қарау және өзгенің құқығын таптамау – осы қағидаттың нақты көріністері. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қоғам мүшелерінің бір-біріне деген жауапкершілігі жоғары болуы қажет. Заңды құрметтеу балалар тәрбиесінен басталып, азаматтың бүкіл өмірінде жалғасады. Әр адам өзінен бастап тәртіп орнатса, қоғамдағы қауіпсіздік те күшейе түседі. Заң мен тәртіп – тұрақты мемлекет пен берекелі қоғамның берік негізі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ