Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Заң мен тәртіп – күнделікті өмір қағидасы

Заң мен тәртіп – күнделікті өмір қағидасы

31 қаралым

Заң мен тәртіп ұғымы тек құқық қорғау саласымен шектелмейді. Ол адамның күнделікті жүріс-тұрысынан, қоғамдық мәдениетінен және өзгеге деген құрметінен көрінеді. Қоқыс тастамау, жол ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіп бұзбау – қарапайым, бірақ маңызды талаптар. Әр азамат өз әрекетінің қоғамға әсерін түсінуі керек. Заңды құрметтеу отбасында қалыптасып, білім беру орындарында жалғасады. Осындай ортада өскен ұрпақ жауапкершілікті азамат болып қалыптасады. Заңға бағыну – қауіпсіз әрі өркениетті қоғамның негізі.

Ерзат АСЫЛ