Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның басты негізі. Әр азамат өз құқығы мен міндетін жақсы білгенде ғана қоғамдық жауапкершілік артады. Заң талаптарын сақтау күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден басталады. Жол ережесін бұзбау, қоғамдық орында тәртіп сақтау және өзгенің құқығына құрметпен қарау – соның айқын көрінісі. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін мемлекетпен бірге тұрғындардың да белсенділігі қажет. Заңға құрмет қалыптасқан жерде қауіпсіздік пен өзара сенім нығая түседі.
Ерзат АСЫЛ