Жасөспірімнің заңды білуі оның қауіпсіздігі үшін маңызды. Құқық пен міндет туралы түсінік баланың жауапты шешім қабылдауына көмектеседі. Ата-ана мен мұғалім жасөспіріммен құқықтық тақырыпта ашық сөйлесуі керек. Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да құқық бұзушылықтың алдын алудың бір жолы. Спорттық үйірмелер мен шығармашылық бағыттар жастардың қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Қателікке ұрынбаудың ең жақсы жолы – оның салдарын алдын ала түсіну. Құқықтық сауатты жас – елдің жауапты азаматы.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ