Жол қауіпсіздігіне жүргізушімен қатар жаяу жүргінші де жауапты. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту өз өміріңе қауіп төндіреді. Кешкі уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану да қауіпсіздікті арттырады. Балаларға жолдан өту тәртібін ерте жастан үйреткен дұрыс. Ережені сақтау – барлық жол қозғалысына қатысушыға ортақ талап.
Құралбек СӘБИТОВ