Жол қозғалысының әрбір қатысушысы белгіленген талаптарды сақтауы керек. Жүргізуші жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдап, жаяу жүргіншілерге құрметпен қарауы тиіс. Ал жаяу жүргінші жолды тек белгіленген жерден кесіп өткені дұрыс. Қауіпсіздік белдігін тағу мен балаларға арналған арнайы орындарды пайдалану да маңызды. Жолда асығыстық пен немқұрайлылыққа орын жоқ. Бір адамның ережені сақтауы басқа адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан жол мәдениетін қалыптастыру – ортақ жауапкершілік.
Ерзат АСЫЛ