Жол қозғалысы ережесін сақтау – жүргізушінің ғана емес, жаяу жүргіншінің де міндеті. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, көлік басқару кезінде телефон пайдалану немесе жаяу жүргіншіге жол бермеу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Ауылдық жерлерде де жолдағы қауіпсіздікке ерекше мән берген жөн. Әсіресе балалардың жол бойындағы жүріс-тұрысына ата-аналар үнемі назар аударуы қажет. Бір ғана сақтық әрекеті адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан жол ережесін сақтау – өз өміріңе және өзгенің өміріне деген құрмет.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ